2023 жылдың 11 сәуір күні ЖШС «Бес-тау ХХІ» №40 «Балдәурен» мектепке дейінгі ұйымында логопедтерге арналған
» Сөйлеу тілі бұзылған балалардың тілін дамыту бойынша логопед пен тәрбиешінің бірлескен жұмысының ұйымдастырылуы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.
Семинардың мақсаты: логопед пен тәрбиешілер жұмысындағы сабақтастықты, сөйлеу тілі бұзылған балаларға қойылатын бірыңғай талаптарды сақтауды енгізу жүйесін жүзеге асыру.
Атаулы семинарды «Әдістемелік кабинет» КММ меңгерушісі Г. У. Миндалина «Сөйлеу тілі бұзылған балалар мен логопед-мұғалімге қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуы» тақырыбымен ашты. Әрі қарай ЖШС «Бес-тау ХХІ» №40 «Балдәурен» мектепке дейінгі ұйымының логопед-мұғалімдері Н. П. Драгун, К. А. Жанкулова және тәрбиешілер Ю. В. Олейникова, С. М. Нугманова, Ш. К. Сырбаева, Ж. А. Нугуманова, И. М. Ахметгалиева, Л. Е. Бижанова, Т. П. Глущенко өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

