Балабақшамызда мектепалды топ ата- аналары үшін «Біз мектепке барамыз»тақырыбында жиналыс өткізіліп, биыл бірінші сыныпқа баратын балалардың ата-аналарына қажетті мәлімет берілді. Жиналысқа №42 орта мектептің басшылары мен бастауыш сынып мұғалімдері де қатысты. Ата-аналар да өз сауалдарын қойып көптеген мәлімет алды.
