Байланыс телефондары



№40 "Балдәурен" балабақшасы қаладағы ең үздік 10 балабақшаның қатарына кіреді.


тәжірибелі педагогтар

16 топ жұмыс істейді

балалардың МДҰ-да болу уақыты: 8.00-ден 18.30-ға дейін

сабақтың ұзақтығы -15-тен 30 минутқа дейін

Біздің балабақша туралы
Мектепке дейінгі ұйым қаладағы ең жақсы 10 балабақшаның қатарына кіреді. 2017 жылы біз кубок, диплом және «Үздік білім беру мекемесі»сыйлығын алдық. Біздің тәрбиеленушілеріміз республикалық «Үркер» байқауына қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.
Біз мектепке дейінгі білім беру саласында экспериментпен белсенді айналысамыз.
2015-2017жж – «Балалармен жұмыс жасауда смарт технологияларды қолдану»
2018ж. – «Әріптестік және ынтымақтастық негізінде отбасында және мектепке дейінгі мекемеде балаға бірыңғай талаптармен және бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналармен бірлескен жұмыс»
Экспериментке қатысқан педагогтар мен әдіскер»SMART – мұғалім «төс белгілерімен және дипломдарымен марапатталды.
2023-2024 оқу жылына арналған міндеттер:
1. Кіріктірілген педагогикалық технологияларды қолдану-білім беру кеңістігін сапалы жаңартудың басты шарты.
2. Бала денсаулығын сақтау мен нығайту үшін мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібінде оңтайлы денсаулық сақтау жүйелерін тиімді пайдалану.
3. Жобалау және инженерлік қабілеттерін қалыптастыру үшін мектепке дейінгі ұйымда конструктивті зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру.